Азаматтық авиация 300 миллиард теңге шығынға ұшырайды – Атамқұлов
Азаматтық авиация 300 миллиард теңге шығынға ұшырайды – Атамқұлов
Фото: Интернеттен алынды
277
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, пандемия салдарынан азаматтық авиация саласы 300 миллиард теңге шығынға ұшырауы мүмкін.  Министрдің айтуынша, коронавирустың таралуынана байланысты төтенше жағдай жарияланғандықтан, ішкі рейстер 100 пайыз, ал халықаралық рейстер 98 пайыз тоқтады. Атамқұлов Үкімет отырысында былтырғы жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 5,2 пайызға артқанын айтты. Былтырғы жылғы осы мерзімнен салыстырғанда биыл 1,7 миллион жолаушы тасымалданған. Биыл жолаушылар тасымалы көрсеткіші едәуір артқан. Министрдің айтуынша, жуырда індеттің беті қайтып, қалыпты өмірге оралған соң, авиация саласында жұмыс та уақытылы болады. Азаматтық авиация қалыпты режимдегі жұмысы басталған соң, жолаушылар тасымалы жоспар бойынша жүйелі жалғасады. Қазіргі алдын ала болжам бойынша Азаматтың авиация саласына жыл соңына дейін 300 миллиард теңге шығынға ұшырауы мүмкін.