Жайықтың жағдайы мәз емес
Жайықтың жағдайы мәз емес
642
оқылды
Еліміздегі бекіре тұқым­дас ба­ғалы балық­тар­­дың ме­ке­­ні – Жайық өзенінің тар­ты­­луы жал­пыұлттық мәсе­­ле­ге ай­на­­лып отыр. Эко­­лог ма­­ман­­дарЖа­йық­тың таяз­­да­нуын эко­­­ло­гия­­лық апат­қа те­ңе­ді.Жа­йыққа биылғы көк­­­темде мол су келетіні ту­ра­лы Рос­ги­дро­­мет­тің бол­­жамы­ның ақ­тал­­мауы «Өзен құ­рып кете ме?» де­ген қауіп­ті күшейтті. Жайық өзені бастауын Орал тауларының оңтүстік сілемінен алып, Ресей елінің бірнеше аймағы арқылы еліміздің  Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын басып өтеді. Бұл өзеннің жалпы ұзын­дығы 2534 шақырым бол­са, соның 1173 шақырымы Қа­зақ­станға тиесілі. Өзеннің жыл­дық орташа ағысының 50-60 па­­йызы Сақмар өзенінің ірі құйы­­лы­сынан түзіледі. Жайық өзе­ні­нің жоғары жағында Верхне-Уральское, Магнитогорское және Ириклин секілді бірнеше ірі су қоймалары орналасқан. Бұл аздай, Ресей аумағындағы Жайықтың жоғары тұсында 80 гидрожелі са­лынып, өз бетімен  топырақ бө­­геттер, бөгендер тұрғызылған. Осы­ның бәрі  Жайық өзенінің су кө­лемінің кеміп, таяздана баста­уы­на себеп болуда.
Ресейлік ғалым-эколог Алек­сандр Веселовтің өткен жылы Жайық өзенін сақтап қалуға қа­тысты арнайы экспедициясы кезінде  «Өзен бойындағы әр ай­мақ  ғаламдық жылыну проце­сі қа­терін төндіріп тұрғанда өзі­не тұщы судың көп бөлігін алып қал­ғысы келеді. Олар эко­­ло­гия­лық проблема барша адам­зат­қа ортақ мәселе екенін түсін­гі­сі келмейді. Сондықтан бұл мәсе­ле­ні табиғатқа да, адамзатқа да пай­дасы боларлықтай шешу уақыт күттірмейді» деген болатын.
Өткен жылы Жайықтағы су мөл­шері соңғы жүз жылдағы ең тө­мен­гі деңгейге жетті. Мұны өзенді жағалай қоныстанған жергілікті халық та күнде көріп, жанайқайын жергілікті билікке жеткізумен болды. Өзен суы мөлшерінің азаюы­мен бірге флорасы мен фауна­сына алаңдаған халықтың та­лабын ескермесе де болмайды. Аты­рау  облысы аумағындағы Жайық өзені алабында сүтқорек­ті­лердің елуге тарта түрі тіркелген. Шұбар күзен мен Бобринский жар­қанаты  еліміздің  Қызыл кі­та­­бына енгізілген. Жайық өзе­ні ала­бында 300-ге жуық құс түрі ме­кендейді. Ал балықтың 95 түрі­нің ішінен 5 түрі Қызыл кі­тап­қа кіріпті. Егер  Жайық өзе­ні­не арнайы статус беріліп, қам­қор­­лық­қа алынбаса, осындай байлық­тары­мен бірге өсімдіктері мен жәндіктері де қоса Қызыл кітапқа еніп кетері сөзсіз. Көпшілікті мазалайтыны – «Жа­йық өзенінің жағдайын жақ­сар­ту үшін не істеу керек?» деген сауал. Ғалымдар адамзат табиғатты өзіне бағындыруға күш салуын тоқтатқанда ғана Жайық өзенін де, өзге байлықтарды да сақтап қалуға болатынын айтады.  Оған бөгет салу, балшық соратын кемені жіберу, суды ысырап етіп, егін суару, тіпті өзеннің арнасын басты су ағатын арық ретінде пайдалану үрдіс алды. Адам қолымен жасалып отырған табиғатқа деген осындай қаталдықтың зардабын табиғат пен адамзат бірдей көріп отыр. Табиғатта өзгерістер болып тұрады. Сондықтан өз дегенімізді жүзеге асы­рамыз деп тыраштанбай,  ша­руашылығымызды табиғи құбы­лыстарға және оның өзгеріс­теріне бейімдеу керек. Әлемде табиғи апаттардың барлығы  адамдар тарапынан  білім мен  қарапайым даналықтың жетіспеушілігінен болып жатқаны ащы шындық. Жайық өзеніне соңғы жылдары су келуі кідірді. Атыраулықтардың үміті болған Ириклин  су қойма­сы­ның Жайық өзенінің сағасына берері көп емес. Ириклин суы әуелі ортаңғы және төменгі ағыс­тың құрғап қалған алқабын қа­нық­­тырып, лық толтыруы тиіс. Одан кейін Сақмар бассейнінен тол­қын келуі керек. Сол кезде ғана ол Аты­рауға дейін жетуі мүмкін. 2019 жылы Жайықтың ортаңғы және төменгі ағысында көктемгі және сабалық ағын кезінде су дең­гейі соңғы 100 жылдағы ең тө­мен­гі деңгейге жетті. Биыл Жайық өзенінің жоға­ры ағысындағы Ириклин су қой­ма­сынан судың ағуы секундына 15-тен 30 текше метрге дейін өсті. Де­генмен де сәуірдің 19 мен 29 ара­лығында бұл көрсеткіш секун­­дына 500 текше метрге дейін ар­та­ды деп күтілген болжам ақтал­ма­ды. «Су ресурстарын пайдалануды рет­теу және қорғау жөніндегі Жа­йық-Каспий бассейндік инс­­пек­циясы» мемлекеттік мекеме­сі­нің басшысы Ғалидолла Әзи­­­дул­линнің айтуынша, Росги­дро­­­мет болжамы өкінішке қарай ақ­­тал­мады. Қазір ресейлік су шаруашылығы мамандары Ирик­лин су қоймасына су қорын жинау режимімен жұмыс істеуде.
– Росгидромедттің болжамы­ның дәл келмеу себебі, табиғи құбы­лысқа қатысты десек те бола­ды. Оралда қар қалың болғанымен, ауа температурасына байланысты қар жерге сіңіп кетті. Бұл өзенге су мол келеді деп күтілген болжа­мы­мызды жоққа шығарды.Өткен жыл судың ең аз мөлшерде келуімен есте қалды. 12 ай ішінде бар бол­ғаны  3,5 млрд текше метр су келді. 2007 жылы 11 млрд текше метр су келіп қуантса, 2018 жылы бар бол­ғаны өзенге 5,9 млрд текше метр су келді. Орынбор облысына су қоры жиналса, біз ресейлік әріп­тестерімізден осы жазда бөгет тұс­тамасын ашып, келетін су мөл­ше­рін көбейтуді өті­не аламыз, – деді Ғ.Әзидуллин.
Еліміздегі су қорының 80 пайызы Ресей аума­ғынан бастау ала­тын өзен­дерден құралғаны ша­расыз күйге түсіріп тұр. Су бойын­ша тәуелділіктен құтыл­майын­ша, суға деген көрші елге кіріптарлықтан ешқашан арыл­­­майтынымыз анық. Соңғы жыл­дар­дағы табиғи су көздерінің азайып бара жатқаны да бұл мәсе­лені мүлдем күрделендіріп отыр. Жайық  өзені проблемасы достығы мығым екі елдің парла­мента­ралық, аймақтық деңгейінде айтылып, жергілікті билік, тиісті мекемелер арасында да келіссөздер жүргізіліп, зерттеу жұмыстары ұйым­­дас­тырылған. Алайда ол жұ­мыс­тардан еш нәтиже шығар емес. Сөзіміз дәлелді болсын, осы­дан үш жыл бұрын Атырауда Қазақ­станның Парламент Сенаты мен Ресей Федерациясы кеңесі ара­сындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның оныншы оты­рысы өтті. Жиында сол кез­де­гі облыс әкімі Н.Ноғаев Жайық­ты жағалай қоныстанған ха­лық­­тың жанайқайын жеткізді. Жа­­йық­тың төмен сағасында оты­рып, су жетіспеушілігін көріп отыр­ған аймақ үшін Жайық өзені мә­се­лесінің тезірек шешімін та­буы­на мүдделі екенін жеткізді. Бұ­ған  Сенат Төрағасының орын­ба­­сары Сергей Громов « Ресей мен Қазақстан сияқты екі елдің шамамен 20 миллион тұрғыны Жайық өзенінің жағасында өмір сүреді. Бүгінгі күні ауызсу мұнайға қарағанда қымбат болып барады. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында бұл – өзекті мәселе. Өйт­кені ауызсу тапшылығы сезі­ле­ді. Әлем бойынша ауызсу тап­шы. Дүниежүзінде ауызсуға бай­ланысты талас-тартыс болып жа­тыр. Мұны бүгін біз Африка ел­де­­рінен көріп отырмыз. Сон­дық­­тан Жайық секілді өзенді лас­тамауымыз керек. Керісінше, оны тазалауға, игілігін түзеуге мін­деттіміз. Бекіре және бекіре тұқым­дас балықтардың қорын сақ­тау үшін Жайық өзенінің эколо­гия­лық жағдайына баса назар аударуымыз қажет» деген болатын. Алайда арада үш жыл өтсе де, Жайық өзенінің проблемасы күн тәртібінен түспей тұр.Тұщы суды төменге, Қазақстан аумағына өткізуге көрші елдің көңілі түсіп тұрған жоқ. Жайық өзенінің жаһандық ма­­ңызды проблемасын шешу­де та­бандылық танытпай отыр­ға­­ны­мыз сан соқтырмаса екен. Бұл – тәуелсіз елде тұрса да, суға зәру бо­лып отырған халықтың жанай­қа­йы.  

   width=Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау  облысы