Бекшин Алматыға келді
Бекшин Алматыға келді
248
оқылды
Алматы қаласында вирустың таралуына бай­ла­нысты ахуал әлі де күрделі. Бекшин бұл қызметке Айзат Молда­ғасымованың орнына келді. Дәрігерлермен ара­да біраз түсініспеушілікке жол берген экс-бас санитар ор­нын республикалық дең­гейде тәжірибесі мол Жандарбек Мұхтарұлына боса­тып берді. Шығыстағы көрші елдің «Өткелде ат ауыстыруға бол­майды» де­ген тәмсілін еске алсақ, дәл қазіргі жағ­дайда үлкен ауыс-түйіс бол­мауы керек-ті. Дегенмен жағдай­дың күн­нен-күнге күрделеніп бара жатқаны атқарылып жатқан істі біраз ширатуға ықпал етті. Президент жанындағы мемлекеттік комиссияның шешімімен өнеркәсіптік және құрылыс секторлары мен ілеспе қызметтер көр­сететін компаниялар кә­сіпорындарының қызметін кезең-кезеңімен қайта жаң­ғырту туралы шешім қабыл­данған болатын. Төтенше жағдай режиміндегі Алматы шаһарында кешеден бастап бірқатар кәсіпорындар іске кірісті. Олардың қатарында өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жол-құрылыс саласындағы компаниялар, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары, ал­дын ала жазылу бойынша но­тариустер, тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі бар.
Кеше жұмысқа кіріс­кен кәсіпорындар мен ны­сандардың дайындығын ал­дын ала тексерген Алматы қа­­ласы әкімі Бақытжан Сағын­­таев: «Басты талап – жеке қорғану құралдары мен са­ни­тайзерлердің бо­луы, сондай-ақ әлеуметтік қа­шық­тықты қамтамасыз ету. Бұл шарттардың тұрақты орындалуы маңызды. Санэпи­­демиологтар мен «Ата­­­мекен» ҰКП өкілдерінен құ­­рал­ған комиссия мүшелері шарт­тың орындалуын ба­қылауға алады. Тәртіпке бағынбаған жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады. Ал компанияның қызметі ТЖ режимі аяқталғанға дейін тоқтатылады», – деді.
Бұған дейін Алматыда жұмыспен қамтылғандар саны 728 мың адамға қыс­қарғаны айтылған болатын. 200 мың адам қашықтан жұ­мыс істеу режиміне көшкен. Олар негізінен қаржы сек­торында, сондай-ақ білім беру, мемлекеттік басқару, ақпарат және байланыс салаларында жұмыс істейді. Нәтижесінде, 300 мыңға жуық адам уақытша табыссыз қалды. Талапқа сай саладағы кәсіпорындарды іске қосу бір ай ішінде жұмыспен қам­тылған халықтың са­нын қосымша 90 мың адам­ға ұлғайтуға мүмкіндік бере­ді. Бұл ретте жұмыс беру­шілер қатаң санитарлық нор­маларды сақтау үшін дербес жауапты болады. Қызметкерлерді COVID-19-дан қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық тізімі барлық өнеркәсіптік және құрылыс нысаны үшін әзірленген. Сонымен қатар қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық нысан жұмыс ко­миссиясы тарапынан қажетті санитарлық талаптарға сәй­кестігі тұрғысынан аудиттен кейін ғана кезең-кезеңімен ашылатын болады. Қалада санитарлық нор­маларды сақтау әлі де қа­таң бақылауда. Шаһарда дезин­фекция жұмыстарының же­тінші кезеңі аяқталды. COVID-19 инфекциясының жолын кесу үшін жергілікті әкімдік барлық тиісті шараны қолға алған. Карантин бас­талғалы алматылық маман­дар әр кезең сайын 8 500 үй мен 23 мың кіреберіс және 4 мыңнан аса ауланы залал­сыздандырып жатыр.
«Күн сайын бес жүз­ге жуық адамнан құралған 70 бригада аулалар мен кіре­бе­рістерді залалсыз­дан­дыруға шығады. Күніне 70 мың литр дайын ерітінді қолданылады. Жалпы, жұмыс басталғаннан бері миллион литрден астам дайын ерітінді жұмсалған», – деді Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы бас­­шысының орынбасары Мейіржан Отыншиев.
Дезинфекция жұ­мыс­тары тұрғын үйлер мен аулалардан бөлек, қа­ла­­дағы барлық қо­ғамдық жер­­лерде жүргі­зілуде. Бүгінгі таңда маман­дар үш мил­лион шаршы метрге жуық көше мен жар­ты мил­лион шар­шы метр жүр­гін­ші жолын залал­сыз­дан­дырды. Оның ішінде аял­­дамалар, көшедегі қоқыс жә­шіктері мен контейнер алаң­дары да назардан тыс қал­майды.  

 width=   Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ