Еңбек ұжымдарымен жүздесті
Еңбек ұжымдарымен жүздесті
264
оқылды
Президентікке үміткер Аманкелді Таспиховтың Маңғыстау облысындағы сайлауалды штабының өкілдері CaspiBitum ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Аймақтық қоғамдық штабтың жетекшісі Киікбай Жаулин және кәсіподақ ардагері Марат Дәулетов CaspiBitum ЖШС қызметкерлеріне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Киікбай Жаулин мекеме қызметкер­леріне Аманкелді Таспиховтың сайлауал­ды тұғырнамасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы бөлімге ерекше тоқталып, бағдарламадан үзінді оқып берді. Сондай-ақ сенімді өкіл үгіт-насихат жұмысын қалай жүргізу керегін түсіндіріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қо­ғамдық штабы басшысының орынбасары Серік Әуесханов пен үміткердің сенімді өкілдері «ПетроКазахстан Ойл продактс» ЖШС-де болды.

Серік Әуесханов мекеме қызмет­керлерін А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Бел­сенділер жиналғандарды сайлауда бел­сенділік танытып, дауыс беруге ша­қырды. Жауапты кезеңде халық таң­дауының қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, сайлауалды басқосуды бел­сенді атқарды. Жиын соңынан қатысу­шыларға үгіт-насихат парақ­шалары таратылды.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен «Кә­сіподақтар үйінде» Аманкелді Таспи­ховтың сайлау штабының басшылары еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесіп, пікір алмасты. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Біржан Нұрымбетов жиын модераторы ретінде жиналған қалың жұртқа кан­дидаттың өмірбаянын, оның сайлауға арналған бағдарламасын таныстырып, отандық кәсіподақтардың бағындырған белестерін де атап өтті.

Айдана БЕГІМ