Пандемия рекордқа тосқауыл бола алмайды
Пандемия рекордқа тосқауыл бола алмайды
224
оқылды
Биыл елімізде авто­жол­дар­дың әр шақырымын салу бюд­жетке шамамен 71,5 миллион тең­геге түспек. Премьер-Ми­­­нистр Асқар Маминнің тө­ра­­ғалығымен өткен Үкімет оты­рысында жаңа «Нұрлы жол» мембағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Пандемия және төтенше жағдай шектеулерінен әуетасымалы қат­ты зардап шеккені мәлім: ішкі рейстер 100%, халықаралық ба­ғыт­тағы ұшулардың 98%-ы тоқ­­татылды. Индустрия және инф­­рақұрылымдық даму ми­нист­рі Бейбіт Атамқұлов соған қа­рамастан, 2020 жылдың 1-тоқ­са­­­нында жолаушылар ағыны көр­сеткішінде өсім болғанын ай­тады: 1,7 млн жолаушы тасымалдап үл­ге­ріпті. Бұл 2019 жылғы 3 айдан 5,2%-ға артық. – Биыл Түркістандағы жаңа ха­лықаралық әуежайды және Шымкент әуежайының жаңа жо­лау­шылар терминалын іске қосуды жос­парлап отырмыз. Үржар қаласы әуе­жайының ұшу-қону жолағын қай­та жаңартуды бастаймыз. Қар­жы бөлінсе, Өскемен және Үшарал қалаларындағы әуежайлардың та­ғы екі ұшу-қону жолағын қайта жаңар­тамыз. Алдағы 5 жылда елде 13 аэродром салынады. Әзір­ге жергілікті әуежелілерінің 3 әуеай­лағы жұмыс істейді, – деді ми­нистр. Әуетасымалы тоқтатылған ке­з­ге дейін Қазақстанның 26 шетел мем­лекетімен 99 халықаралық ба­ғыт бойынша әуеқатынасы бол­ған. «Жақын арада біз қалыпты жұ­мыс режиміне оралып, барлық ұшу­ларды қалпына келтіреміз, аза­маттық авиация саласында жос­парланған барлық міндетті орын­даймыз деген үміттеміз. Жал­пы, Қазақстанның азаматтық авиа­циясы өкілдерінің болжамынша, авиация саласындағы операциялық кі­рістің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 млрд теңгеге жетуі мүмкін», – деді Б.Атамқұлов. Тұтастай алғанда, 2020-2025 жыл­дарға арналған жаңа «Нұрлы жол» жалпы құны 5,5 трлн теңге тұратын 112 инфрақұрылымдық жо­баны іске асыруды қарастырады. «Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау, сон­дай-ақ республикалық желідегі 11 мың шақырым автожолды күр­делі және орташа жөндеу жос­пар­ланған. Автожол саласына жал­пы кө­лемі 3,5 трлн теңге шы­ғын­да­ла­ды. Бағдарлама арқасында 5 жыл­да республикалық маңызы бар автожолдардың жақсы және қа­нағаттанарлық жағдайдағы үле­сі 100%-ға дейін жеткізіледі. Қа­зақ­стан­да ақылы жолдардың үлесі 45%-ға дейін ұлғайтылады», – деді Бейбіт Атамқұлов. Оның айтуынша, 2020 жылы рес­публикалық және жергілікті маңызы бар 9,5 мың шақырым автожол жөнделеді: автожол са­ла­сының биылғы бюджеті 680 мил­лиард теңге. Оның ішінде рес­публикалық желіге – 421 млрд, ал жергілікті желіге – 259 млрд теңге бағытталады. Үкімет басшысы Асқар Ма­мин биыл жалпы ұзындығы 4 мың ша­қырым республикалық ав­то­жолды салу және реконст­рук­ция­лау жұмыстарына 200 мыңнан ас­там қазақстандық тартылатынын атап өтті. – Осы жылы пайдалануға бе­рі­летін республикалық маңызды жол­дар көлемі былтырғыдан 4 есе артық. 2020 жылы 3,5 мың ша­­­­қырым жергілікті маңызы бар жол жөндеуден өтеді. Қазақстан та­рихында бұрын-соңды мұндай ау­қымды жұмыс жүргізілмеген. Яғни, ре­корд. Ендеше біздің міндетіміз – осы жоспарды толығымен орындау. Барлық күшті соған жұмылдыру қажет, – деді Үкімет жетекшісі.  

Елдос СЕНБАЙ