Елордалық нысан үздіктер қатарында
Елордалық нысан үздіктер қатарында
309
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы ТМД елдері арасын­дағы өнер орталықтары мен музейлерінің арасында үздік үштіктің қатарына кірген. Бұл рейтингті ТурСтат агенттігі жасапты. Бағалау кезінде нысандарға халықтың жиі баруы, онлайн-тур мен виртуалды экскурсия мүм­кін­­дік­тері ескерілсе керек. ТМД елдеріндегі заманауи өнер орталықтары үздіктерінің қатарына Минск қаласындағы Беларусь Республикасының ұлт­тық заманауи өнер орталығы, Әзербайжан аста­насындағы Гейдар Алиев орталығы, Нұр-Сұлтан қаласын­дағы Бейбіт­ші­лік және келісім сарайы (Пира­мида), Еревандағы заманауи өнер музейі мен Ташкенттегі зама­науи өнер орталығы кірген. Ал музей­лердің ішінде аталған рейтинг­тің көшін Ресейдегі «Гараж» және Мәскеу заманауи өнер музейі бас­тап тұр. Бұл рейтингті жасау барысында музейлердің таны­малдығы, виртуалды тур ұсыныс­тары мен музей экспозиция­ла­ры­на онлайн экскурсия жасау мүмкін­­діктері ескеріліпті.  

А.СҰЛТАН