Мәжілісте ет және сүт өнімдерінің өндірісіне қатысты қордаланған мәселелер ашық талқыланады.
Осы орайда палатада келесі жұма, 24 мамырда «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перспективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.
Шараға Сенат және Мәжіліс депутаттары, осы іске жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, шетелдік және отандық сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Парламенттік тыңдау барысында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және экспорттаудың; қазақстандық өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың; ішкі нарықты жалған өнімдердің әкелуінен қорғаудың көкейкесті мәселелерін талқыға салу жоспарланып отыр.
Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке ұсынымдар әзірленетін болады.