Қорғаныс министрлігі зейнеткерлерінің зейнетақы мен жәрдемақысына қайта есептеу жүргізді
Қорғаныс министрлігі зейнеткерлерінің зейнетақы мен жәрдемақысына қайта есептеу жүргізді
© Сурет ғаламтордан
217
оқылды

Қазақстан Қорғаныс ведомствосының зейнетақымен қамтамасыз ету орталығымен  еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді.

2020 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері 5%-ға, ал мемлекеттік базалық  жаңа ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшеріне қатысты арттырылды.

Жалпы алғанда Қорғаныс министрлігінің 34 мыңнан астам зейнеткерлеріне қатысты қайта есептеу жүргізілді.

2020 жылы 13 сәуірінде үзінділер мен шешімдер бұдан әрі төлемді ағымдағы жылдың мамыр айында жүзеге асыру үшін "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарына жолданды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 31 наурызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде төтенше жағдай режимі кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған шаралар кешенін атап өтті. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы зейнетақыларды, жәрдемақыларды және атаулы әлеуметтік көмекті 10%-ға индекстеу жүргізуді тапсырды.