Өзбекстаннан Ыстықкөлге жолаушылар пойызы жүре бастайды
Өзбекстаннан Ыстықкөлге жолаушылар пойызы жүре бастайды
293
оқылды

Маусым айының 6-ынан бастап Ташкент – Бішкек – Балықшы (Ыстықкөл) бағытында халықаралық жолаушылар пойызы жүре бастайды. Бұл туралы Өзбекстан темір жолдарының баспасөз қызметі хабар таратты.

Өзбекстан мен Қырғызстанның арасында туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған маусымдық пойыз Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Пойыз «Ташкент» орталық теміржол вокзалынан әр бейсенбі сайын 20:50 сағатта шығып, бір тәуліктен соң, яғни жұма күні сағат 20:29-да Ыстықкөлдегі «Балықшы» вокзалына жетеді. Кері бағытта сенбі күні сағат 01:59-да жолға шыққан пойыз жексенбі күні Өзбекстан астанасына таңғы   05:00 сағатта жетеді.

Халықаралық бағыттағы пойыз біздің елдің   «Сарыағаш», «Арыс-1», «Шымкент», «Манкент», «Түлкібас», «Абайыл», «Боранды», «Жамбыл», «Луговая», ал Қырғызстанның   – «Мерке», «Чальвадар», «Қойыңды», «Қарабалта», «Беловодск», «Тоқмақ», «Бішкек-2» стансаларын басып өтеді.

«Узбекистон темир йуллари» таратқан ақпарда плацкарт вагондағы билет құны $35, вагон-купедегі билет – $48, ал вагон-люкстегі баға –$94 деп белгіленген.