Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай брифингте биыл төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында мешітте тарауих намазы оқылмайды, ауызашар өткізілмейді.
«Бас мүфти Діни басқарманың қарамағындағы ғұламалар кеңесінің шешімімен биыл жамағаттардың және отбасыларының амандығы үшін беретін жылдағы пітір-садақаның мөлшерін жан басына шаққанда 370 теңге деп бекітті. Алайда кейбір азаматтарымыз отбасым үшін көбірек беремін деп ниет етіп жатса одан артық бере беруіне болады», – деді Еркінбек Шоқай.
Оның айтуынша, төтенше жағдайға байланысты жамағаттың мешітке келуіне тыйым салынған.
«Биыл Рамазан айындағы тарауих намазын әрбір адам өз үйінде оқиды. Мешітке келуге болмайды. Бұл өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін қажет. Сол сияқты ауызашарда да әр адам өз үйінде болғаны абзал. Биыл Қадір түні 19 мамырдан 20 мамырға қараған түні деп бекітілді», – деді Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай.