– Біз фермерлермен бірге картоп, пияз, қырыққабат, алма сияқты бірнеше өнім түрінен азық-түлік жиынтығын жасап, 7 медициналық мекемедегі дәрігерлерге беруге шешім қабылдадық. Бұл бір рет қана жасалатын ісіміз емес, бұдан әрі де осы бастамамызды жалғастыру жоспарымызда бар. Онымен қоса, көптеген фермер облыстық денсаулық сақтау басқармасына өз ұсыныстарын жолдады. Дәрігерлеріміз қолдаусыз қалмайды, – деді облыстық Фермерлер одағы төрағасының орынбасары Нұртас Байжанов.
Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті фермерлердің көмегі моральдық қолдау ғана емес, сонымен бірге дұрыс тамақтануға септігін тигізеді. Айта кетейік, азық-түлік жиынтығы – шұбат, қаймақ және жергілікті жерде өндірілген көкөністер секілді жүз пайыз экологиялық өнімдерден тұрады.
Тұрсын Жұмабекқызы, Атырау облысы.