«Халық біртіндеп үйінен шығуы керек» – Тоқаев карантиннің нақты қашан тоқтайтынын айтты
«Халық біртіндеп үйінен шығуы керек» – Тоқаев карантиннің нақты қашан тоқтайтынын айтты
Фото: Akorda.kz
328
оқылды
Президент елордадағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына барған кезде карантин режимінің қашан аяқталатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттің алдындағы басты міндет екеніне тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі дағдарыстан денсаулығы мықты ұлт қана аман-есен шығады. – Кешенді шаралар қабылдау керек. Біз посткеңестік кеңістікте қажетті шараларды ең алғашқылардың бірі болып қабылдадық. Азаматтарымызға карантин режимін сақтаудың оңай емес екенін түсінемін. Бірақ бұдан басқа жол жоқ. Қалай болғанда да осы айдың аяғына дейін карантин режимін сақтаймыз. Арғы жағын тағы да қарастырамыз. Мүмкін, мәселені реттеудің жаңа әдістері табылар. Өйткені халық біртіндеп үйлерінен шығуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы экономиканы қолдаудың маңыздылығы жайында да айтты. – Экономикалық даму, шағын және орта бизнес туралы да ойлану керек. Күнделікті еңбек етіп, тіршілігін жасап жатқан халық өз мүмкіндіктерінен айырылып қалмауы қажет. Бұл жөнінде келесі аптадағы телевизиялық үндеуімде егжей-тегжейлі айтамын, – деді Мемлекет басшысы.