Алматы гарнизонының 2000-ға жуық әскери қызметшілері ПТР-тест пен коронавирустық инфекцияға шұғыл тестілеуден өтті. Олар дезинфекциялық жұмыстарға, тосқауыл бекеттерінде кезекшілік атқаруға, сондай-ақ патрульдеуге қатысады.
Сəуір айының соңына дейін гарнизон бойынша тағы 1500 əскери қызметші анализ тапсырады.
Коронавирусты анықтайтын ПЦР-тест (полимеразды тізбекті реакция әдісі) мұрынның шырышты қабатынан алынған жағынды негізінде жасалады. Алынғаннан кейін нәтиже ДНҚ және РНҚ коронавирус болуына байланысты анықталады. Сондай-ақ, ол вирус жұқтырғаннан кейін анықталады. Экспресс-тест әдісімен тексеру үшін саусақтан қан алынады, ол коронавирусқа антиденелердің болуына зерттеледі.
Әскери дәрігерлердің айтуынша, экспресс-тестілер инкубациялық кезең кезінде вирустың болуын анықтамайды,ал оң нәтиже болған жағдайда қосымша тексеру талап етіледі.
Алматы гарнизонының әскери қызметшілері төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға белсенді қатысады. Әскери қызметшілер Алматының барлық аумағы бойынша патрульдеуді жалғастыруда, сондай-ақ полиция және Ұлттық гвардия өкілдерімен бірлесіп күн сайын қаланың кіру және шығу бағыттары бойынша тосқауыл бекеттерінде қызмет атқарады.