Рамазан айы басталды. Ораза айындағы сәресін ішу және ауызашар уақыттарының өңірлер бойынша кестесін ұсынып отырмыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сүйенсек, мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түні – қасиетті Қадір түні. Биыл пітір садақа жан басына 370 теңгеден белгіленді. Төтенше жағдайға байланысты мобильдік қосымша арқылы онлайн төлеуге болады. Карантинге байланысты тарауих намазы мешіттерде оқылмайды. Әр адам өз үйінде оқиды.