Тар жерде ер-тоқымын сұрағандар
Тар жерде ер-тоқымын сұрағандар
720
оқылды
Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды Елордада әлеуметтік маңы­зы бар азық-түлікке бағаны негізсіз көтергені үшін Interfood, «ВкусМарт», «Встреча» супер­маркеттерінің басшылары әкім­­шілік жауапкершілікке тар­­тылды. Айыппұл көлемі 100 АЕК (265 мың 100 теңге) құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының не­гізсіз өсуіне жол бермеу және санитарлық нормаларды сақтау бойынша әкімдіктің мобильдік топтары, прокуратура мен моно­полияға қарсы органдардың қыз­меткерлері бірлесіп рейдтер жүр­гізіп жатыр.    width= Нұр-Сұл­тан қа­ла­сының әкімдігі әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік баға­сы­ның негізсіз өсуіне жол бер­меу, қаладағы карантин және төтенше жағдай режимі кезінде санитарлық нормаларды сақ­тау бойынша шаралар кешенін қабылдады. «Айналым схема­сы» жобасына Magnum, «Астықжан», «Кенмарт», Small, «Ша­пағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шан­хай» сияқты сауда орын­­дары қа­ты­сады. Елде мы­надай тауар­лар­ға шекті бағалар белгіленді: бі­рін­ші сортты би­дай ұны, бірінші сортты ұн­нан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), та­зартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық жұмыртқасы (I санатты), күнбағыс майы, ас тұзы («экстра»-дан басқа). Супермаркеттерде, дүкендерде арнайы белгілер орна­тылды, сатып алушылар ара­сын­дағы арақашықтық 1 метр бо­луы қажет. Міндетті түрде ке­зек сақ­талуы керек. Сани­тай­зер­лер орнатылды. Бар­лық азық-түлік нысандары сани­тар­лық нор­малар­ды қа­таң сақтауға міндетті. Тәртіп бұзу­шылық фактілері анықталған жағ­дай­да айыппұл салынып, ны­сан жұмысын тоқ­татады.  

Серік ӘЛІМЖАНОВ, Нұр-Сұлтан