Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жолы биыл пайдалануға беріледі
Алматыдағы «Алтын Орда» базарының жолы биыл пайдалануға беріледі
Фото: Интернеттен алынды
259
оқылды
Алматы облысы мен қаласы тұрғындары биыл күре жолдың бойындағы кептеліс азабынан құтылады. «Алтын Орда» базарының жолы жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақовтың айтуынша, қазір күрделі жөндеу жұмыстарына 117 адам мен 61 техника жұмылдырылған. Бұдан бөлек, алдағы алты жыл ішінде 10 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Бұл үшін 3,5 трлн теңге бөлінген. Биылдан бастап ұзындығы 5700 шақырым жол ақылы болады. Нақтыласақ, Шымкент-Өзбекстан шекарасы, Қапшағай-Талдықорған, Орал-Ресей шекарасы, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Қызылорда-Шымкент-Тараз, Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы бағыттарында төлем алу жүйесі енгізіледі. ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов: «Осы жылы республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға 26,6 млрд теңге қарастырылған. Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен автомобиль жолдарының қысқы кезеңінен кейін жақсы жағдайда сақталауын қамтамасыз ету мақсатында кешенді мақсаттық бағдарламасы аясында екі айлық жарияланды. Екі ай ішінде шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату мен ауыстыру, жолдардың бөлігін таңбалау сияқты жұмыстардың жылдық көлемін кем дегенде 60 проценті орындалмақ», – деді.