COVID-19: Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда қайтыс болған Ресей азаматы өлімінің негізгі себебін айтты  
COVID-19: Дәрігерлер Нұр-Сұлтанда қайтыс болған Ресей азаматы өлімінің негізгі себебін айтты  
Фото: Интернеттен алынды
330
оқылды
Нұр-Сұлтанда коронавирустан қайтыс болған Ресей азаматының дерті меңдеген соң, емді көтере алмағаны анықталды.    Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен: «Қазіргі таңда қалада коронавирус инфекциясының 433 жағдайы тіркелді. 255 науқас стационарларда жатыр, 207 адам емделіп шықты, үйде карантинде 2 396 адам бар. Өкінішке қарай бүгін сағат 10:40-та бір әйел адам қайтыс болды», – деді. Оның айтуынша, 64 жастағы науқас 15 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Сол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған, осы орайда оны дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосу туралы шешім қабылданды. Тексеру кезінде аталған адамда коронавирус инфекциясы анықталған. Науқастың жағдайы қосымша асқынған аурулары салдарынан нашарлай түскені байқалды. «Ем-дом шаралары клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сағат 10:40 кезінде науқастың жүреге тоқтады. Осы жағдайға байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жақында түскен ақпаратқа сәйкес, аталған науқас Ресей азаматы болған», – деді Бақтияр Мәкен.