Президент қолдауы қарағандыға жетті
Президент қолдауы қарағандыға жетті
170
оқылды
Қарағандылықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқараны қолдауға бағытталған тапсыр­ма­ларының игілігін көріп жатыр. Төтенше жағдай ре­жимінде Қарағанды облысының 76 мыңнан аса тұр­ғыны азық-түлікпен, тұрмыстық заттармен қам­та­масыз етіледі. Бүгінге дейін 18 мыңнан астам адамға 103,3 миллион теңге ауда­рылды. Азық-түлік себетін бар­лық топтағы мүгедектер, АӘК тағайындалған отба­сы­лардың 6-18 жас аралы­ғын­дағы балалары, ерекше қажеттіліктері бар кәмелетке толмағандар және оларды тәр­биелеп отырған ата-ана­лар, сондай-ақ ресми тір­кел­ген жұмыссыздар алады. Төтенше жағдай жария­лан­ғалы бұл көмек елдегі 500 мыңға тарта адамға берілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тізім кеңейтіліп, қосымша қаржы қарастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ел бойынша 1 млн 243 мың адам осындай кө­мекке қол жеткізгенін ха­бар­­лады. Азық-түлік жиын­тығы ай сайын 4 айлық есеп­тік көрсеткіш көлемінде қам­­тылды. Бұл көмекке қол жеткізу үшін халық мекемелерге ха­бар­ласып, сансырамайды. Өті­ніш жазудың қажеттілігі жоқ. Көмек алуға тиіс аза­мат­­тардың тізімін жергі­лікті ат­­қарушы орган өзі қалып­тас­­тырып, тиісті жәрдемді та­­ғайындады. Төтенше жағдайға байла­­нысты азаматтардың бір­қатар санатына азық-түлік тұр­мыстық жинақ ақша тү­рін­де шоттарына аударыл­ды. Осыған дейін жәрдемақы алып келген тұлғалардың шо­­тына түседі. Қарағанды об­лы­сында отбасының әр мү­ше­сіне бөлінетін қаржы мөлшері – 5 567 теңге, – деді облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов. Шоттарына қаржылай әлеу­меттік көмек түскен көп­балалы отбасылардың мем­лекетке деген ризашы­лығы шексіз. Қарқаралы ау­­даны, Қарағайлы кенті­нің тұрғыны, алты бала тәр­бие­леп отырған Мейрам­гүл Шәкірова елімізде төтен­ше жағдай енгізілгелі мемлекеттің қамқорлығын ерекше сезінгенін айтады. – Үкіметтің бізді, көп­ба­ла­лы отбасыларды ұмытпай, көмек жасап жатқанының арқасында мен тұрмыстық қа­жет­тіліктерге алаңдамастан, балаларымның тәрбиесімен ай­налыса аламын. Қазір олар­­­дың сабағын қадағалап, алаң­­сыз білім алуына, елін сүйер елжанды азамат болып өсуіне ерекше көңіл бөлу­де­мін. Әлбетте, осының бар­лығы мемлекетіміздің бізге, көпбалалы аналарға жа­са­ған қамқорлығының ар­қасы. Отба­сының ғана емес, мем­лекеттің де негізгі діңгегі – ананы сыйлаған, ананы құр­меттеген елдің ме­рейі әр­қа­шан үстем болары анық, – дейді ол. Қазірдің өзінде бұл кө­мек­ті 18 мыңнан астам тұрғын алып отыр. Солардың бірі – Приозерск қаласының тұр­ғы­ны Мөлдір Құтжанова. Жол­­дасы екінші топтағы мү­ге­дек болғандықтан, індет елге келгелі балалар үшін алаң­даушылық танытқанын, бірақ мемлекет тарапынан жа­салған көмек оның күдігін сейілт­кенін айтады. Төтенше жағдай кезінде берілген азық-түлікті және тұрмысқа қа­жет­ті заттарды 4 қызы мен 1 ұлының қажетіне жаратқан Мөлдір ай сайынғы қолдау ша­ра­лары қиын кезеңде отба­сы бірлігін одан сайын бе­кем­дей түскенін айтады. Татьяна Зайцева скле­роз диагнозымен I топ мүге­дек­­тігіне өткен. Татьяна Васи­льев­на үй карантинінде отыр­ға­ныма 15 жыл болды деп қал­жыңдайды. – Денсаулығым бала кез­ден сыр берді. Жыл өткен сайын дертім күшейе берді. Түп­кілікті диагноз қойып, 2004 жылы I топ мүгедектігіне өттім. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі адамдарды ұмыт­пай­­ды. Осындай қиын сәт­тер­де біз мемлекет тара­пы­­­нан қамқорлық сезініп отыр­мыз, – дейді Абай ауда­ны­­ның тұр­ғы­ны. Оған жәр­де­мақы мен жеке көмекші тағайындалған. Карантин бас­­талғалы бері қария азық-тү­лік және тұр­мыс­тық жиын­тықтардан тап­шы­лық көр­ме­ген. Шахтинск қаласының тұр­ғыны Гүлбахар Жүзжа­са­рова – көпбалалы ана. Бес баланың төртеуі мектеп оқу­шысы, ал ең кішісі бір жа­рым жаста. Білім алушылар қа­шықтан оқу үшін ноут­бук­пен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар олардың әрқайсысына 5 567 теңгеден азық-түлік үшін қаржы ауда­рыл­ды, ал кішісіне бала­лар таға­мын жеткізіп берді. – Ел басына күтпеген жағ­дай туғанда, мемлекет бізді қиындықта қалдырмады. Біз се­кілді көпбалалы отба­сы­лар­ға азық-түлік себеті өте қажет қолдау болды. Қазір ба­лалардың барлығы үйде отыр. Күн көзіне шықпайды. Олар құнарлы, нәрлі азықпен та­­мақтануы керек. Жолдасым жұ­мысынан айырылған аза­мат ретінде 42 500 теңге­ге ілік­ті. АӘК аламыз, көпба­ла­­лыларға берілетін 53 мың теңге көлемінде жәрдемақы таға­йындалған. Мұның бәрі біз үшін елеулі қолдау болды, – деді Гүлбахар. Қарағанды облысында наурыз айында атаулы әлеу­меттік көмек алатын отба­сы­лар­дағы 6 316 балаға азық-түлік, тұрмыстық жинақ ақ­шалай төлем түрінде ауда­рылды. Оған 35,1 млн теңге жұм­салды. Ал сәуірдің соңы­на дейін 427 млн теңгеге 76 мың­нан астам адам азық-түлік, тұр­мыстық жиынтықпен қам­та­ма­сыз етіледі.  

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысы