Коронавирус дерті әлемді алаңдатып тұр. Көптеген іс-шара кейінге шегеріліп жатыр. Сондай шараның бірі – Берлин марафоны болатын.
27 қыркүйек күні өтуі тиіс марафон белгісіз уақытқа кейінге шегерілді.
Берлиндегі бұл бәсеке әлемдегі ең әйгілі марафондар қатарында еді. 2018 жылы кениялық Элиуд Кипчоге аталған марафонды 2 сағат 1 минут 39 секундта жүгіріп өтіп, ерлер арасындағы әлемдік рекордты орнатқан еді. Биыл COVID-19 індетіне байланысты марафонның өткізілу уақыты әлі анықталған жоқ.
Айта кетейік, әлемге жайылған індетке байланысты Лондон мен Бостондағы марафондар да кейінге шегерілген болатын.