Еңбек ұжымымен кездесті
Еңбек ұжымымен кездесті
360
оқылды

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Жамбыл облыстық қоғамдық штаб мүшелері – сенімді өкілдер Б.Қараулов пен Г.Момбекова Жамбыл облыстық офтальмо­логия орталығы ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жүргізді.

Ұжым мүшелеріне сенімді өкіл Б.Қараулов еліміздегі ең үлкен қоғам­дық ұйым – Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасындағы көтерілген мәселе­лерді баяндап, әрқайсысына жеке-жеке тоқтала отырып, бүгінгі күнде олар­дың еңбек қоғамы мен еңбек адамы үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

Жиын соңында сенімді өкілдер еңбек ұжымын бірауыздан кандидат А.Таспиховты қолдауға шақырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.

Аманкелді Таспиховтың Қызыл­орда облысындағы сенімді өкілдері М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде кездесу өткізді. Қызылорда аумақтық кәсіп­одақтар бірлестігінің төрағасы Серік Сермағамбетов пен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің облыстық ұйымы жетекшісі Райкүл Байназарова еңбек ұжымын А. Таспиховтың тұғыр­намасында қаралған еңбекшілердің құқығы мен мүдделерімен таныстырды.

Ұжым мүшелері еңбек заңнама­лары, ұжымдық шарт мәселесі, халық­тың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша кандидат А.Таспиховтың тұғырнамасында көтерілген сұрақтар­дың өзектілігін айтып, қолдау білдірді. А.Таспиховтың сенімді өкілдері кәсіп­одақ мүшелерін сайлауда белсенділік танытуға, кандидатты қолдауға ша­қырды.

 

Айдана БЕГІМ