Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты.
Салтанатты жиыннан кейін Жоғарғы палата басшысының орынбасары Украинаның көшбасшысымен жеке кездесті.
Жүздесуде Б.Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және барша Қазақстан халқының атынан Владимир Зеленскийді қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтап, Украина халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы қатынастарға қарқын беруге бағытталған ауқымды мәселелер талқыланды.