Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған үш науқас та Шиелі ауданында тіркелді
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған үш науқас та Шиелі ауданында тіркелді
© Сурет ғаламтордан
205
оқылды
Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам туралы ақпарат (24.04.2020 ж. сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) Вирусты жұқтырғандардың үшеуі де Шиелі ауданында тіркелді. Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы алдын-алу шаралары ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда. 24.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жалпы 164 адам жұқтырған.