Атырау облысында тіркелген науқастар карантиндік бақылауда болған
Атырау облысында тіркелген науқастар карантиндік бақылауда болған
© Сурет ғаламтордан
205
оқылды
Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам туралы ақпарат (24.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) COVID-19 вирусын жұқтырғандардың үшеуі 1993, 1987, 1973 жылғы ер адамдар, біреуі 1966 жылғы әйел адам. Олар корнавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Денсаулықтары қанағаттанарлық жағдайда, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар түгел анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 88 адам анықталдған. Жазылып шыққандар – 35.