Қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталады
Қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталады
© Сурет ғаламтордан
300
оқылды
Қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. Қазақстанда төтенше жағдайына байланысты «Bіrgemiz» Қоғамдық қорымен өте мұқтаж болған әлеуметтік халықтың қауқарсыз тобына қөмек көрсетіліп жатыр.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ҚР Занның 33-бабында баяндалған Салық кодексінің 341- бабы 1-тармағының 34) тармақшасына сәйкес қайырымдылық және демеушілік көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталады.
Қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде берілетін мұлік, оның ішінде жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарына осындай беру күніне: 1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы; 2) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы; 3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы; 4) зейнетақы төлемдерiн алатын мүгедек; 5) он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала; 6) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының табысы аз тұлға; 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға; 8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға; 9) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68- бабының 4) тармақшасына, 69-бабының 6) тармақшасына және 75-бабының 4- тармағына сәйкес бекітілетін, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады. Демек, «Bіrgemiz» Қоғамдық қорының корсетілген жеке тұлғалардың санаттарына әлеуметтік қолдау түрінде төлемдер жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталады, сәйкесті,  жеке табыс салығын салуға жатпайды.