Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам туралы ақпарат
(24.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша)
Коронавирус инфекциясы табылған адамдардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың 5-еуі Батыс Қазақстан облысының, 2-еуі Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала және Сырым автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізуі кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
24.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 100 адам анықталды.