Шығыс Қазақстанда тіркелген науқас 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған
Шығыс Қазақстанда тіркелген науқас 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған
© Сурет ғаламтордан
5,213
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат (24.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) Коронавирус инфекциясы 1965 жылғы ер адамда анықталды. Глубокое ауданының тұрғыны 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған. Бір күннен кейін аурудың алғашқы белгілері, дене қызуының көтерілуі мен әлсіздік пайда болған. Дереу провизорлық стационарға оқшауланып, ПТР әдісімен COVID-19-ға талдау алынды. Осылайша, оның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. ⠀ Қазіргі уақытта науқас инфекциялық боксқа ауыстырылып, тиісті ем қабылдап жатыр. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. ⠀ Онымен байланыста болған адамдарды анықтау және оқшаулау бойынша күшейтілген эпидемиологиялық тексеру шаралары жүргізілуде. ⠀ 24.04.2020 ж. сағат 23:00-дегі жағдай бойынша өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелген.