Жаңа қызмет құрудың қажеті бар ма?

Жаңа қызмет құрудың қажеті бар ма?

Алдағы уақытта еліміз­де­гі квазимемлекеттік сек­тор­­­ларға, яғни ұлттық ком­­­­па­нияларға өз ішінен сы­бай­лас жем­қорлыққа қарсы қызмет құру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы іс-қимыл агент­­­тігінің Әкімшілік құқық де­пар­таментінің директоры Ай­гүл Базарбаева хабарлады. Оның айтуынша, агенттік «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы»  жаңа заң жобасында ква­зимемлекеттік сектордағы құқық бұзу­шылардың тізімін кеңейтіп жа­тыр. Қолданыстағы заңға сәй­кес, бұл тізімде басқарушы қыз­­­мет ат­қаратындар ғана квази­мем­ле­­кеттік сектордағы сыбайлас жем­­қорлық субъектілері ретінде  жік­­теледі. «Ал мемлекеттік сатып алу са­ла­сындағы бақылау сыбайлас жемқорлыққа бейім болғандықтан, сатып алуды ұйымдастыратын, мем­лекеттік бюджет пен Ұлттық қор­дан қаржыландырылатын жо­баларды іріктейтін құрылымдық бө­лімшелердің басшыларын да атал­ған тізімге қосу ұсынылды. Біз квазимемлекеттік сектор су­бъек­тілерін корпоративті этика стан­дарттары мен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы заңдардың сақ­талуын қадағалайтын сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызметтерді құру­ды міндеттеуді енгізіп жатыр­мыз», – дейді Айгүл Базарбаева. Егер заң қабылданар болса, он­да алдағы жылдары әрбір ұлт­тық компанияда сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы қызмет құрылады. Бұл қыз­меттің басты міндеті қаржы жым­қырудың алдын алу болары бел­гілі. Ал ұлттық компанияларда бү­гінгі таңда осыған ұқсас жұмыс­ты атқаратын құрылымдар бар­шы­лық. Мысалы, компания ішін­дегі аудиторлар. Олар сол ком­панияның қаржылық есептілігі мен жазбаларын тексереді – аудит жүр­гізеді. Мысалы, компанияның ішкі ау­дит қызметінің жұмысы үздіксіз жүр­гізіледі. Ал сыртқы аудит жүр­гізу үшін сырттан аудиторлық ком­пания шақырылады. Ішкі аудит те, сыртқы аудит те бухгалтерлік есеп пен аудиттің  қа­тесін қарап, алаяқтықты анық­тайды. Бірақ ішкі аудит сыртқы ау­дит сияқты тәуелсіз емес. Іш­кі аудит жүргізуші маманды ұйым бас­шысы тағайындайтын бол­ған­дықтан, ол белгілі бір деңгейде ком­паниядағы қаржылық қитұрқылық ту­ралы тіс жарып айта алмауы мүм­кін. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің жаңа қыз­мет құру туралы ұсынысына осы жағдай себеп болуы мүмкін. Айтқандай, Сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы іс-қимыл агенттігінің өз ішінде де жемқорлыққа қарсы кү­ресетін бір құрылым – Орталық мем­лекеттік органдардың бас­шы­лық құрамы арасындағы жемқ­ор­­­лықты анықтау басқармасы құры­лады екен. Аталған агенттіктің Ст­ра­тегия және жедел басқару де­партаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетовтің айтуынша, бұл басқарма халықтың үніне құлақ аса­тын мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асырады. «Бүгінгі күнгі қоғамның ең өзек­ті мәселелерінің бірі – бюд­жет қаражатының мақсатқа сай жаратылуына жан-жақты ба­қы­лау жасау және мемлекеттік ор­гандардың басшылық құрамын жем­қорлығы үшін жазаның бұл­­­­­тартпастығын қамтамасыз ету», – деген ол  жаңа басқарма халық­ара­лық тәжірибені ескере отырып құрылатынын айтады. Біз де шетел тәжірибесіне көз жүгіртіп көрдік. Мысалы, АҚШ-та сыбайлас жемқорлықтың ал­дын алу үшін мемлекеттік және му­­­ни­ципалды органдардың ашық­ты­ғы маңызды рөл атқарады. Ол елде мемлекеттік аппаратқа де­ген сенімсіздік дәстүрлі саяси мә­де­ниеттің бір бөлігі саналады. Ол елде сыбайлас жемқорлыққа қа­­­тысты бір ғана күдік адамды сая­си мансаптан айырады. Сон­дық­тан да олар жемқорлыққа жол бермеуге күш салады. Біздің елге жетпей тұрғаны да осы деп ой­лаймыз. Сонымен бірге Аме­­­ри­када жемқорлық үшін қыл­мыс­тық жауапкершілік жеке тұл­ғаларға ғана емес, заңды тұл­ға­ларға да қолданылады. Яғни, жем­қорлық үшін жеке адам ғана емес, компания да жауапқа тар­тылады. Ал Қазақстанда мұндай инс­­титут болмағандықтан, ком­па­ния мүддесі үшін жасалатын жем­­қорлыққа компания қызмет­керлері ғана жауап береді.  АҚШ-тағы тағы бір мән беретін де­таль – атқарушы биліктің қыз­метін заң шығарушылар мұ­­­қият қадағалайды. Ал біздің Пар­ла­ментте ондай пәрмен жоқ. Есе­сіне жемқорлық пен қаржы жым­­­­қыруды бақылайтын, қа­да­­ғалайтын құрылым көп: Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Республикалық бюд­жеттің атқарылуын бақы­лай­тын Есеп комитеті, Қаржы ми­нистрлігінің Қаржы мо­ни­то­рингі комитетіне қарасты Эко­но­микалық тергеу департаменттері, республикалық маңызы бар үш қа­ла мен өңірлердегі тексеру ко­­­миссиялары, оған әрбір ком­па­нияның ішіндегі ішкі аудит қыз­метін қосыңыз. Сыртқы ау­дит те қаржы айналымындағы қи­тұрқылықты анықтай алады. Енді оған квазимемлекеттік секторда құрылуы мүмкін Сыбайлас жем­­­қор­лыққа қарсы қызмет қо­сыл­мақшы. Қадағалаушы, тексеруші құрылым көбейгеннен жемқорлық та, қаржы жымқыру да жоғалып кетпегенін көріп жүрміз. Сондық­тан бірінің қызметін екіншісі қай­талайтын қызметтерді құра бер­генше, Парламенттің бақылау функ­циясын арттырып, ақпаратты ашық етіп, қоғамдық ұйымдарды әріп­тестікке шақыру арқылы жұ­мыс істеу керек шығар... Біздің елде жемқорлық қылмы­сы­мен сотталған адам белгілі бір уа­қыттан кейін шартты түрде бос­тандыққа шығып кете береді. Бұл қоғамның ызасын туғызатын жағ­дай еді. Абырой болғанда, агент­тік жемқорлықтың ауыр жә­не аса ауыр түрімен сотталған адам­ның жазасын өтеу мерзімін ұзар­туды ұсынып отыр екен. Был­тыр желтоқсан айынан бас­тап бағынышты қызметкері жем­қор­лықпен ұсталған жағдайда бас­шысы да жеке жауапкершілікке тар­тылатыны жайлы талап күшіне енгені белгілі. Бірақ одан бері қоластындағы қызметкері үшін лауа­зымынан бас тартқан басшы көр­медік. Ал Айгүл Базарбаева он­дай мысал барын айтады: Сәтпаев қа­ласы әкімі отставкаға өтініш бе­ріпті. «Оның тікелей қызметкері жем­қорлық жасаған. Бұл қылмыс 10 желтоқсанда жасалғанына қа­рамастан, Сәтпаевтың әкімі отс­тавкаға кетуді өтінді. Әзірге отс­тавка қабылданған жоқ. Ол тәртіптік жауапкершілікке тар­тылды», – деді ол. Мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысында да  тіркеліпті. Қолданыстағы заңға сәйкес, жем­қорлық туралы хабар берген адам сол қылмыс барысында анық­талған соманың 10 пайызына ие болады. Енді жаңа заң жобасына сәй­кес осы қылмыс туралы ха­бар берген адам сыйақы алып қой­май, мемлекеттің қорғауына алы­нады. Яғни, ол кісі туралы ақ­па­рат мемлекеттік құпияға жатқы­зы­лады.  

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ