Індетті полицейлер де жұқтырды
Індетті полицейлер де жұқтырды
232
оқылды
Қауіпті вируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Бұған дейін Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты республика бойынша ІІМ-нен 8 мың полицей, Ұлттық ұланнан 4 мың әскер белгіленгенін, олардың бәрі біріншіден стратегиялық және мемлекеттік маңызы бар ғимараттарды бақылауға алғанын мәлімдеген болатын. Бұл ретте тыныштық күзетшісіне айналған тәртіп сақшыларының қауіпсіздігі мен денсаулығын қадағалауды да естен шығармағанымыз жөн. Бүгінде ақ халатты аб­зал жандардан бөлек қыз­мет барысында вирус жұқ­тыр­ған­дың арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар екені анықталды. Атап айт­қанда, ҰҚК Шекара қызметі ака­демиясының 67 курсанты тап­сырылған анализдер қо­ры­­тындысы бойынша вирус жұқтырғаны белгілі болды. Атал­ған жайт туралы онлайн-бри­фингте Алматы қаласы Қо­ғамдық денсаулық бас­қар­ма­сының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады. – Дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық ауру­ха­на­ларға жатқызылды. Жағ­дай­ла­ры қа­на­ғаттандырарлық. Олар бе­кі­­тілген клиникалық қау­лы шең­­берінде өздерінің ем-дом шараларын қабылдауда, – деді Т.Әбілдаев. Сондай-ақ Ішкі істер ми­­­нистрінің орынбасары Юрий Ильин де Нұр-Сұл­тан қаласында өткен онлайн бри­фингте Іш­кі істер министрлігінің бір қызметкері коронавирус жұқ­тырғанын айтты. «Бізде бір қыз­­меткер індетті жұқтыруына бай­ланысты қазіргі уақытта ем-дом қабылдап жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты» деп әңгімесін бастаған Ішкі іс­тер министрінің орынбасары ин­фекциямен ауырғандармен қа­рым-қатынаста болған адам­­­дардың анықталғанын да жеткізді. Олардың біразы өз­­дерінің кәсіби қызметін ат­қаруы барысында карантиндік ша­ралармен қамтылып үлгер­ген екен. Бізге белгілісі, 530-дан ас­там ІІМ қызметкерлері нау­қас­пен байланыста болған. Оның 30-ы стационарға жатқызылып, 80-ге жуық адам үй жағдайында карантинге алынды. Көпшілігі тексеруден өтіп, қазіргі уақытта қайтадан қызметтеріне оралған.  

Нью-Йорк қаласындағы Полиция департаментінің 4 мыңнан астам қызметкері коронавирус жұқ­тырған. Бұл Нью-Йорк по­лициясының шамамен 11 пайы­зын құрайды.

  Мұндай келеңсіз оқиға жуыр­да Қостанай облысында да тіркелді. Бұл аймақта екі полиция қызметкері ко­ро­­­­­на­­­вирус жұқтырып алды. Бұл жағдайға қатысты Қос­та­­най облысы әкімінің орын­ба­сары Марат Жүндібаев мә­лім­­деме жасады. Жітіқара ау­данының және Жітіқара ау­дан­дық полиция бөлімінің бар­лық қызметкерлері үй ка­ран­­тиніне алынды, өйткені екі полиция қызметкерінен COVID-19 диагнозы расталды. Науқастармен тығыз бай­ла­ныста болған барлық қыз­мет­керлерге зертханалық зерт­теулер жүргізілді, олар ка­­ран­тиндік ауруханаға жат­қы­зылды. Біздің елде вирус жұқтырған по­лицейлер әзірге санаулы ғана. Бұл – көңілге жұбаныш ұя­лататын дерек. Ал әлем ел­де­рі бойынша коронавирус ін­детіне шалдыққан құқық қор­ғау органдарының арасында АҚШ көш басында тұр. Нью-Йорк қаласындағы Полиция департаментінің 4 мыңнан астам қызметкері коронавирус жұқ­тырған. Бұл Нью-Йорк по­лициясының шамамен 11 пайы­зын құрайды. Күні кеше бір тәулік ішінде 512 қызметкері ін­детке шалдыққанын да әлем­дік БАҚ жарыса жаз­ған болатын. Осы 512 қызмет­кер­дің ішіндегі қауіпті вирус­ты жұқтырғандардың 442-сі полиция формасымен жүре­тін­дер болса, қалған жетпісі аза­мат­тық қызмет көрсетушілер екен. Таяуда Ресейдің Ішкі істер министрлігінің басқармасы пол­ковник, Батыс округтегі қо­ғамдық тәртіп бөлімінің бас­тығы кенеттен қайтыс бол­ды деп ақпарат таратты. Дерек­көз­дер оның коронавирусты жұқ­тырғанын анықтап көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда, індет сақ­шыларды да айналып өт­педі. COVID-19 вирусына са­­қадай-сай дайындалып, пан­де­миямен күресіп жүрген құқық қорғау органдарының қыз­меткерлері де ауру жұқтырды. Алдағы уақытта бұл деректер әлі де ұлғая түсуі мүмкін. Өйт­ке­ні аурудың таралу аясы кең ауқымды алып отырғаны тү­сінікті. Оның үстіне вирус жұқ­­тыру дерегі де күн өткен сайын жаңарып, үсті-үстіне кө­бейіп жатыр. Қайткен күн­де де біздің қолдан келері ел­ге қорған болғандардың сау­­­лығын, амандығын тілеу. Иә, нағыз індет ошағының ор­та­сында жүрген, халықтың қауіп­сіздігі үшін өз басын қа­терге тігуге даяр дәрігерлер мен полицейлердің, әскери қыз­меткерлердің жұмысы оңай емес екенін осындайда тү­сі­несің.  

   width=Абылайхан ЖҰМАШ