Головкин DAZN-ның екі жекпе-жегінен қанша табыс тапты?
Головкин DAZN-ның екі жекпе-жегінен қанша табыс тапты?
Фото: Интернеттен алынды
207
оқылды
Boxingscene.сom басылымы IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің DAZN стремингтік сервисіндегі екі жекпе-жегі үшін  қанша сыйақы алғанын жазды.  Головкин 2019 жылдың маусымында канадалық Стив Роллспен сынға түскенде  қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіс тұғырынан көрінген еді. Ал қазан айында украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, бірден екі вакантты титулды иеленді. Осылайша қазақстандық боксшы екі жекпе-жектен 30 миллион доллар (әрқайсысынан 15 миллион) табыс тапты. Бір қызығы, Роллс алатын сыйақы көлемі 300 мың доллар болса, ал Деревянченконыкі – 4 миллион. Бұл екеуінің де мансабындағы рекордтық көрсеткіш болды. Ал қазақстандық мұндай кезде 2 және сәйкесінше  7,5 миллион алып жүрген еді. Головкин DAZN-мен 2018 жылдың наурызында келісімшартқа отырған болатын. Келісім 3 жылға жасалды және осы аралықта 6 жекпе-жек өтуі керек. Yahoo Sport ақпаратына сәйкес, қазақстандық боксшы осы келісім аясында 100 миллион доллар табысқа кенеледі.