Белгілі журналист және қоғам белсендісі Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
«Қылмыстың болмауына байланысты тоқтады. Әзірге ештеңе айта алмаймын», – деді ол Tengrinews.kz тілшісімен тілдесу сәтінде.
Арман Шораев – Қазақстан Президенті жанындағы БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі. Ол 2006 жылы – «Хабар» Агенттігі» АҚ Бас директорының орынбасары, 2006-2007 жылдары – Президент Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, 2007-2014 жылдары «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры болған.
18 сәуірде белгілі журналистің ұсталғаны хабарланған еді. Арман Шораевқа төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзды және қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келуіне қауіп төндірді деген айып тағылған. Кейін қолхатпен босатылғаны белгілі болды.