The Sun басылымы UFC тарихында ең көп табыс тапқан спортшылар тізімін жариялады. Көш басында ирланд файтері Конор МакГрегор. Өзіндік ерекше стилі бар танымал спортшының бұл тізімде болуы тосын жайт емес.
Әйгілі басылым МакГрегор өзінің жекпе-жегі үшін 12 миллион доллар алғанын жазған. Жалпы табысы 8,7 миллион долларға бағаланған ауыр салмақта жұдырықтасатын Алистар Оверим 2-орынға жайғасты. Ал үздік үштікті жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов түйіндеді.
Forbes мәліметіне сүйенсек, МакГрегор 2019 жылы 45 миллион доллар табыс тапқан. 2018 жылы Хабиб Нурмагомедовпен өткен жекпе-жекте жеңілген еді. 2019 жылы 26 наурызда карьерасын аяқтағанын мәлімдегенмен, 2020 жылы спортқа қайта оралды. Әрі ол Ресей файтерімен қарымта кездесуді міндетті түрде өткізетінін жиі айтады. Демек, МакГрегор жанкүйерлері масаттанатын күн алыс емес.