Жарты жолда құрылысы аяқталмай қалған үйлерді Асқар Мамин өзі аралап шықты - видео
Жарты жолда құрылысы аяқталмай қалған үйлерді Асқар Мамин өзі аралап шықты - видео
Фото: Интернеттен алынды
236
оқылды
Премьер-Министр Асқар Мамин «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып «Бағыстан» және Bazis тұрғын үй кешендерінің құрылысын тексерді. 2020 жылы елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй, ал жалпы елімізде 15 млн шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салынады. Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жастардан, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын 32 мыңнан астам отбасы жалдамалы және несиелік пәтерлермен қамтамасыз етіледі. Қазір  жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр (2 786 пәтер) болатын аталған тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмысын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды. «Үкіметтің қазіргі таңдағы аса маңызды міндеті – құрылыс қарқынын арттырып, әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету», – деді Премьер-Министр. https://www.youtube.com/watch?v=vBHJLa67LR4