Бүгін Алматыдағы провизорлық орталықта карантиндегі алғашқы 32 жастағы босанған әйел емделіп шықты.
Пациент 12 сәуірде №1 Қалалық клиникалық ауруханаға дене қызуының 38 градусқа дейін жоғарлауы, жөтел, тамақтың жыбырлауы сияқты катаралды симптомдарымен келіп түсті.
Ауруханаға келіп түскен кезде коронавирустық инфекцияға талдау алынды, ол теріс нәтиже көрсетті.
Бұл пациенттің алғашқы рет босанғанын айта кеткен жөн.
14 сәуірде 2 күннен кейін ол салмағы 3 кг-дан сәл артық баланы дүниеге әкелді.
«Мен карантинде болғанымда босануыма тура келді, — деді Ажар Манханова, — Бұл менің тұңғышым болғандықтан, өте қатты уайымдап едім. Бұған дейін қасыма серік болатын адаммен тууды жоспарлағанмын, бірақ босану уақытым карантинге дәл келді. Бірақ, мен медицина қызметкерлері тарапынан болған қамқорлықтың арқасында тіпті жалғыз екенімді сезбей де қалдым. Менің ата-анам қала сыртында тұрады, олар да мені, баланың жай-күйін өзім сияқты қатты уайымдап отырды, азық-түлікпен, тамақпен мені кім қамтамасыз етеді деп уайымдап отырды. Бірақ, мұнда тамақтану жағдайы тамаша жасалған, мен ештеңені қажетсінбедім. Стационардың медицина қызметкерлеріне үлкен рахмет айтқым келеді. Карантин кезінде мен олардан көп нәрсені үйрендім, жас ана курсынан өттім деп те айтуға болады».
«Бүгін анасы ұлымен бірге бақылау талдауынан кейін үйге емдеуден шығарылды. Анасы да, сәби де өздерін жақсы сезінуде» – деп атап өтті стационар басшысы Эрнест Қалиев.
Жалпы, бүгінгі күні №1 Қалалық ауруханада босану блогында Cоvid-19 диагнозымен расталған 6 әйел, оның екеуі босанғаннан кейінгі жағдайда, карантинде 24 жүкті әйел бар.