Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде әлем құрамасында ойнайды
Динара Сәдуақасова халықаралық турнирде әлем құрамасында ойнайды
172
оқылды
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) мәліметінше, қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 5-10 мамырда өтетін FIDE Chess.com Online Nations кубогына қатысу үшін «Қалған әлем командасы» құрамына енгізілді, – деп жазады Sports.kz. Команда құрамына Теймур Раджабов (Әзербайжан), Алиреза Фируджа (Иран), Бассем Амин (Мысыр), Мария Музычук (Украина), Хорхе Кори (Перу) де кірді. ФИДЕ басшысы Андрей Дворкович – команда капитаны. Сонымен бірге, турнирге АҚШ, Ресей, Еуропа, Қытай және Үндістан командалары қатысады. Динара Сәдуақасова – шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы. 2019 жылы Азия чемпионы атанды. Беделді Grand Swiss жеңімпазы, сондай-ақ 2500 ELO белгісінен өткен алғашқы қазақстандық шахматшы.