Карантин кезінде ораза ұстау адам ағзасына пайдалы. Тіпті ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады.
Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдоллақызының айтуынша, карантинде қозғалыс азаяды, сәйкесінше ішіп-жем мөлшерін кеміткеннің пайдасы бар.
Ең бастысы, бірнеше қағиданы ескерген жөн. Құнарлы тағам ішіп-жеу керек. Сондықтан таңдауды фаст фуд өнімдеріне емес, ыстық ас-суға түсірген абзал. Сонымен бірге, нутрицолог маман сәреге дейінгі уақытта көбірек сұйықтықты тұтынуға кеңес береді.
Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі Майгүл Сейдоллақызы: «Таң сәресіне әр түрлі дәнді-дақылдардан жасалған өнімдер пайдалы. Соның ішінде арпа, сұлы, бидай, күріштен жасалған ботқалар болуы мүмкін. Немесе сорпалар болуы мүмкін. Және бұршақ тұқымдастары, әртүрлі үрме бұршақ күні бойы адамға қуат береді. Жұмыс істейтін адамдар үшін пайдасы зор».