Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар туралы бұған дейін жарияланған рсеми ақпаратқа өзгерту енгізді.
Оған министрліктің 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын анықтауы себеп болып отыр.
«Науқас мидағы қан айналымының бұзылуы салдарынан қайтыс болды. Ал коронавирус инфекциясы өзге де ауыр сырқаттар сынды осыған әсер еткен», – деп жазылған ведомствоның хабарламада.
Коронавирус инфекциясынан көз жұмған жағдайларды зерттеу жөніндегі комиссия бұл оқиғаны Covіd-19-дан көз жұмғандар қатарына қоспауға шешім қабылдады.
Министрліктің нақтылауынан кейін Қазақстанда коронавирустан 26 емес, 25 адам қайтыс болғаны анықталды.