«Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов Қостанай облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және қала тұрғындарымен кездесті. Басқосуда кандидаттың сайлауалды платформасы таныстырылып, талқыланды. Кандидат коғамдағы өзекті мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Штаб мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өңірлік жұмыс жөнінде баяндап берді.
Үміткер Әміржан Қосанов Қостанай облысының Затобол кентіндегі «Заречное ауылшаруашылық тәжірибе стансасы» ЖШС-ның еңбек ұжымымен де кездесті. Мекеме бидай, рапс, сұлы, арпа және басқа да дәнді дақылдардың құнды тұқымдарын өсірумен айналысады. Ұжымға кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Сайлаушылар тарапынан сайлаудағы бақылаушылар туралы сауал қойылып, түрлі қоғамдық мәселелер бойынша пікірлер айтылды.
Кандидаттың Қарағанды облыстық штабының үгіт-насихат тобы қаладағы Кеншілер мәдениет сарайы алдында флешмоб өткізді. 20-ға жуық белсенді парақшаларды, үгіт материалдарын таратып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Одан бөлек, облыстық штабта халықты қабылдау күні өтті. Тұрғындар кандидаттың сайлауалды платформасының бағыттарына қызығушылық танытты. Олар сондай-ақ осы құжатты толықтыру туралы өздерінің ұсыныстарын білдірді.
Айдана БЕГІМ