Әлеуметтік желіде аулаға шығуға рұқсат сұраған баланың видеосы қызу талқыланып жатыр. Видео Instagram-дағы Qostanay.TV парақшасында жарияланған.
Видеода бала бұртиып, жыламсырап, сыртқа шыққысы келіп отырғанын айтады. Ал ер адам балаға карантинде көшеге шығып ойнауға, қыдыруға болмайтынын түсіндіреді. Айыппұл салатынын айтады.
Бала айтқанға көнбей, Мемлекет басшысынан далаға шығуға рұқсат сұрайды. Балақайдың видеосын көргендер карантин талабын сақтау ойын баласы үшін оңай емес екенін қызу талқылап жатыр.
https://www.instagram.com/p/B_cZRk_Ayks/?utm_source=ig_web_copy_link
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан карантин жайлы халыққа мәлімдеме жасайды.