Тоқаев түске дейін халық үшін маңызды мәлімдеме жасайды
Тоқаев түске дейін халық үшін маңызды мәлімдеме жасайды
307
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады», – деп жазды. Еске сала кетсек, Президент карантиннің жаңа талабы енгізілетінін мәлімдеген еді. «Бүгін еліміздегі коронавирус індетіне байланысты менің мәлімдемем жарияланады. Карантин шараларының жаңа тәсілдері енгізіледі», – деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.