Тоқаев «Біргеміз» қорының төтенше жағдай кезінде тиімділігін айтты
Тоқаев «Біргеміз» қорының төтенше жағдай кезінде тиімділігін айтты
Фото: Интернеттен алынды
269
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Оның ішінде, Nur Otan партиясының халыққа жасап жатқан шараларына тоқталды. Партиялықтардың еңбегін жоғары бағалады. «Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. Nur Otan партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.