Алматыда блокпосттар карантин аяқталғанша тұрады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты
«Блокпосттар карантин режимі аяқталғанға дейін алынбайды. ¬Өйткені ол карантиннің маңызды шартарының бірі. Сондықтан кәсіпкерлердің облыста тұратын жұмысшыларға сенім артпағандары дұрыс. Бұл жұмыстарға әзірше алматылықтарды тартқандары абзал «, - деді Сапарбек Тұяқбаев.
Сонымен қатар, ол мамандарды жедел қайта даярлаудың жаңа бағдарламасының іске қосылып жатқанын жеткізді.
«Сауда, қызмет көрсету, құрылыс және өнеркәсіп салалары бойынша біз жеке компаниялармен бірігіп кадрларды қайта даярлауды жүргіземіз. Егер мамандар жетіспеушілігіне қатысты мәселелер туындаса, бізбен хабарласыңыз, біз әр фактіні зерттеп, сіз үшін кадрларды дайындаймыз. Қалада жұмыссыз жүргендер көп «, - деп түйіндеді С. Тұяқбаев.
Оның айтуынша, 394 кәсіпорынның 306-сы бүгінгі таңда жұмыс істеуге рұқсат алды.