Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылордада дауыл соғады   
Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылордада дауыл соғады   
Фото: Интернеттен алынды
5,192
оқылды
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, бірқатар өңірде жауын жауады. Найзағай ойнап, күшті жел тұруы, бұршақ жаууы да мүмкін. Республиканың бірқатар бөлігіне тұман түседі. Түркістан облысында күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Күндіз желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетуі ықтимал, кей жерлерге бұршақ жауады. Қызылорда облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20 метр болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін барады. Жел артынан бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында күшті жел тұрады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, облыстарында тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысына тұман түсіп, бұршақ жауып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.