«Коронавирусты ауруханаларға дәрігерлер сырттан әкелген фактілер де кездеседі» – вице-министр  
«Коронавирусты ауруханаларға дәрігерлер сырттан әкелген фактілер де кездеседі» – вице-министр  
Фото: Интернеттен алынды
182
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова медицина қызметкерлерінің COVID-19 жұқтыруына қатысты ахуалды айтты. Коронавируспен ауырған медицина қызметкерлеріне қатысты вице-министр Facebook-тегі парақшасында медицина қызметкерлерінің денсаулығы жайында жазды. Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде медицина қызметкерлері арасында COVID-19 жұқтыруға қатысты 820 жағдай тіркелген. ДДСҰ-ның апта сайынғы есебі бойынша әлемде медицина қызметкерлерінің 16 % пайызы індетті жұқтырған. Медицина қызметкерлері арасында COVID-19 жағдайы еліміздің 16 өңірінде Ақтөбе облысынан басқаларында тіркелген. Медицина қызметкерлері арасында ең көп жұқтырғандар жоғары үлесі Алматыда (54,4 %), Нұр-Сұлтанда (32,5 %), Шымкент қалаларында (16,0 %), Солтүстік Қазақстан (50,0 %), Алматы (28,8 %), Қарағанды (27,5 %), Түркістан (22,4 %) және Атырау (18,5 %), облыстарында тіркелген. «COVID-19 жұқтырғандарды емдеуге және оларды қарауға тартылмаған медицина қызметкерлері арасында COVID-19 коронавирусқа шалдығу жағдайы көп тіркелгенін атап өткен жөн. Қазіргі таңда науқастар саны 473 адамға жетіп отыр (66,2 %). Олардың басым бөлігі Алматы қаласындағы орталық қалалық клиникалық ауруханасының қызметкерлері. Аталған жағдай бойынша, өздеріңізге мәлім, Бас прокуратурамен бірлескен қызметтік тексеру аяқталып келеді және осы оқиғаға қатыстьы медицина ұйымы басшылығының жауапкершілігін қосымша анықтаймыз», –деп атап өтті Л.Бюрабекова.
Сондай-ақ, оның айтуынша «медицина қызметкерлерінің жұмыстан тыс күнделікті тұрмыста бірнеше ошақтан ауру жұқтырып, инфекцияны кейін медицина ұйымына әкелгені» белгілі болған.
Коронавирусқа шалдыққан барлық медицина қызметкерлері ауруханаға жатқызылып, бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Мамандар әрбір ауру жұқтыру жағдайын жіті тексеріп, оның себебін анықтауда. «Жалпы, медицина қызметкерлерінің инфекцияны жұқтыру жағдайын талдау көптеген медицина қызметкерінің коронавирустың өте жұқпалы екендігін жеткілікті бағаламағанын көрсетеді. Сондай-ақ, ауруға шалдыққан науқастармен көбірек қатынаста болу және вирустың биологиялық ерекшелігіне байланысты тұрғындарға қарағанда медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыру қаупі жоғары», – деп атап өтті вице-министр. «Қазақпараттың» жазуынша, Л.Бюрабекова әріптестерінің назарын қорғаныс костюмін дұрыс киіп қана қоймай, оларды шешу кезінде қауіпсіздік техникасы мен бірізділікті сақтау маңызды екеніне аудартты. «Ухань университетінің Чжуннань медициналық орталығы дәрігерлерінің мәліметінше, емханада дезинфекциялық режимнің күшейтілуіне қарамастан, қоршаған орта объектілерінде вирустың 17-ден ден 30 пайызға дейін жоғары таралуы атап өтіледі. Осыған байланысты айналаны дезинфекциялық құралдармен жиі сүртіп, қолды барынша мұқият жуып отыру қажет», – деді вице-министр.