Төтенше жағдай режимін бұзған тараздық шаштараз жазаланды, – деп жазады Polisia.kz.
Анықталғандай, шаштараз бес шетелдікке қызмет көрсеткен.
25 жастағы ер адам жергілікті ЖОО-ларда оқып жүрген бес түркіменстандыққа қызмет көрсеткен.
https://youtu.be/oMRnfV8Tjcg
Осы дерекке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша мекеме басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.
Полицейлердің мәліметінше, бүгінде Таразда төтенше жағдай режимін бұзудың 886 жағдайы тіркелген.