Түлкібастық түлектер көпбалалы анаға тұрғын үй тарту етті
Түлкібастық түлектер көпбалалы анаға тұрғын үй тарту етті
621
оқылды
Айлардың сұлтаны – Ораза айында және биылғы мектеп бітірушілер күні қарсаңында білім ұясын бітіргендеріне 20 жыл толған түлкібастық түлектер теңдесі жоқ қайырымды іс жасады. Атап айтқанда, мейірімді жастар көпбалалы анаға баспана сыйға тарту етіп, өзгелерге үлгі боларлық өнеге көрсетті.    «Мейірімділік – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі» демекші,  Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы  Абай мектеп-лицейінің 1999 жылы мектеп бітірген түлектері 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылынан 4 бөлмелі үй алып беріп, шатыққа бөледі. Қуанышқа кенелген Юсупова Назира Жапарқұлқызы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген болатын. Назира апай қасиетті рамазан айында  мектеп бітіргендеріне 20 жыл толғанын игі іспен өрнектеген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бұл қайырымдылық шарасы «Алтын ұям» жобасы аясында өтіп отыр. Мичурин совхозында жұмысшы болып қызмет атқарған Назира Жапарқұлқызы сол маңайдағы Таусағыз ауылында жалдамалы пәтерде тұрған. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде отыр. Бұндай игі шара Түлкібас ауданында бірінші рет орын алып отырған жоқ. Былтыр дәл осы Абай мектеп-лицейінің 1998 жылы бітірген түлектері 7 баласы бар жалғыз басты анаға аудан орталығынан төрт бөлмелі үйді сыйға тартқан болатын. Осындай қайырымдылық шаралары 20 жылдықты атап өтетін түлектер арасында дәстүрге айналғандай.