Көктем келіп, күн жылығалы бері велосипедті серігіме айналдырдым. Бұрын Алматыда да велик тебетінмін. Астанаға қоныс ауыстырғаннан кейін қайтадан серігіме айналдырдым. Байқағаным, Алматыға қарағанда елордада велосипед тебу әлдеқайда жеңіл. Мұнда тау жоқ. Қаланың қай бағытына барсаң да бір ғана жылдапдықпен ызғыта бересің. Велоспиед теуіп келе жатып, қаланың түрлі тамаша көрінісіне куә боласым. Сондайда қалтафонымды қолыма ала салып, керемет сәтті фотоға тарта қоямын. Осылайша бірнеше фотосурет жинақталып қалыпты. Соның бірнешеуін назарларыңызға ұсынып отырмын.