Елімізде ең көп жалақы төленетін мамандықтар жарияланды
Елімізде ең көп жалақы төленетін мамандықтар жарияланды
© inform.kz
224
оқылды
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Қазақстанда ең көп жалақы төленетін салаларды атады. «Ең алдымен бұл мұнай-газ және тау-кен ісі, электроника мен автоматтандыру, жылу энергетикасы салалары. Мұнда техникалық мамандықтардың еңбекақы, жұмысқа орналасу бойынша алда тұрғанын атап өткіміз келеді. Яғни, түлектер мен ата-аналар үшін жақсы нұсқаулық, қазіргі уақытта техникалық мамандықтарға сұраныс көп»,- деді О. Ордабаев «ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер» онлайн конференциясында. Спикер техникалық мамандықтар бойынша жоғары жалақысы бар жұмыс табу мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті. Бұған дейін спикер отандық еңбек нарығында сұранысқа ие болған мамандықтарды атаған еді.