Сот төрағасы 4 жылға сотталды
Сот төрағасы 4 жылға сотталды
5,337
оқылды

Әулиекөл аудандық сотының төрағасы лауазымын асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті Әулиекөл аудандық сотының бұрынғы төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 
Бүгін Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен ол лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланып, әдiлетсiз сот шешімін шығарғаны үшін  кінәлі деп танылды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқынан айыра отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.