Қазақстандық дәрігерлер 100 жастағы кейуананы ауруханадан шығарып салды (Видео)
Қазақстандық дәрігерлер 100 жастағы кейуананы ауруханадан шығарып салды (Видео)
© Сурет ғаламтордан
214
оқылды
Аршалы ауданындағы "Шапағат" ОСО-ның дәрігерлері мамыр айының басында 100 жасқа толатын Силина Полина Алексеевнаны қошеметпен ауруханадан шығарып салды. Өйткені ол қартайған жасына қарамай Сovid-19 коронавирусынан құлан таза айығып шықты. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай басқа сырқаттарды емдеу үшін үлгі болып қана қоймай, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің қарт және ауыр жағдайдағы науқастарды да емдеуге болатынына деген сенімін нығайтады. Бұған дейін қазақстандық дәрігерлер коронавирустан 774 адамды емдеп жазғаны туралы хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=PUq2JAqsohg