Алматыда 3 жасар баланы көлік қағып кетті
Алматыда 3 жасар баланы көлік қағып кетті
© Сурет ғаламтордан
260
оқылды
Оқиға Бостандық ауданында Орбита-3 ықшам ауданында болды. Subaru автокөлігі аула ішінде жүріп бара жатқан, жүргізуші солға бұрылмақ болған. Сол сәтте көліктің алдынан самокат тепкен бала шығып қалған. Көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, баланы қағып кетті. 2017 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.